Адамдар көп жиналатын жерлердегі өрт кезіндегі мінез-құлық қағидалары

Барлық жаңалықтар

2023-01-16

Адамдар көп жиналатын жерлердегі өрт кезіндегі мінез-құлық қағидалары

Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы Сізге адамдар көп жиналатын орындарда өрт болған кездегі тәртіп ережелері туралы хабарлайды
Егер өрт көп адамдар жиналған жерде шықса не істеу керек?
1. Кез келген бейтаныс қоғамдық орынға кіргенде, өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы шығулардың орналасуына назар аударыңыз. Мұны әдетке айналдырыңыз. Сарапшылар шығу орындары мен оларға баратын жолдарды есте сақтауға кеңес береді.
2. Әдетте, эвакуациялық шығу белгілері тиісті өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгіленуі тиіс. Эвакуациялау мақсатында өрт қауіпсіздігі белгілері ақ таңбалары бар жасыл түсті тікбұрышты немесе төртбұрышты пішінге ие.
3. Егер сіз өрт шыққандығы туралы хабарды естісеңіз немесе түтіннің иісін сезсеңіз сабыр сақтауға тырысыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің бар екеніне көз жеткізіңіз.
4. Аумақты түтін басқан кезде немесе жарық болмаған кезде, қабырғаларды, тұтқаларды және т. б. ұстап, шығуға тырысыңыз. Орамал немесе киіміңіздің жеңі арқылы дем алыңыз.
5. Егер сізге сыртқа көпшілікпен бірге шығуға тура келсе, ешбір жағдайда көпшілікке қарсы жүрмеңіз.
6. Жолдағы барлық қозғалмайтын нәрселерден – тіректерден, шкафтардан, қабырғалардан, ағаштардан аулақ болыңыз, әйтпесе сізге зақым келуі әбден мүмкін.
7. Қолыңызбен ештеңені ұстамаңыз. Сөмкені, қолшатырды және т.б. затыңыз қолыңыздан түсіп кетсе, оны көтеруге тырыспаңыз.
8. Қолдарыңызды шынтаққа бүгіп, жұдырығыңызды жоғары қаратыңыз, осылайша қолыңыз кеуде қуысын қорғай алады. Диафрагманы қорғау үшін алақанды кеуде алдына қойыңыз.
9. Көпшіліктің арасында ұстану керек басты қағида - құлап қалмау. Егер сіз құлаған болсаңыз, басыңызды қолыңызбен қорғап, дереу тұруыңыз керек. Егер көтеріле алмасаңыз бүгіліп, иегіңізді кеудеге, тізеңізді басыңызға басыңыз, басыңызды қолыңызбен жауып, адамдардың азайғанын күтіңіз.
10. Балаларды иығынан ұстап немесе иығыңызға отырғызып, өзіңіздің алдыңызда ұстаңыз.
11. Егер сіз көп қабатты ғимаратта болсаңыз, лифттерді қолдануға тырыспаңыз, баспалдақпен төмен түсіңіз; үлкен биіктіктен терезеден секіруге болмайды. Егер сыртқа шығу мүмкін болмаса, өрт сөндірушілердің көмегін күтіңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ