Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана мен Бейжің арасында тікелей рейстер қайта ашылады
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдарымен бірлесіп, халықаралық әуе қатынасын одан әрі қалпына келтіру және ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейстерді қайта ашу мәселесін пысықтады.
Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Астана – Пекин бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр.
Ұшулар А-321 LR типті әуе кемелерінде орындалады.
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің ұлғаюы екі дос ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толыққанды пайдалануға ықпал етеді.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.