Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елорда әуежайы әуе компанияларымен ұшу-қону жолағын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша келісімге келді
Астананың әуе айлағы отандық авиакомпаниялармен жыл сайынғы ұшу-қону жолағын жөндеуге келісті. Сондай – ақ тиісті NOTAM (Notice To AirMen) шығарылды, - ұшулар мен аэронавигациялық ақпаратты жүргізу және қамтамасыз ету қағидаларындағы өзгерістер туралы жедел таратылатын ақпарат (хабарлама).
Жөндеу жекелеген учаскелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жолымен жүргізілетін болады, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығын жөндеу жоспарлануда.
ҰҚЖ жасанды жабындарын ағымдағы жөндеу 2023 жылғы 15 шілдеден 8 тамызға дейін жоспарланған, бұл уақыт құрылыс кезеңінің неғұрлым қолайлы жағдайларына байланысты. Яғни, өткен жылдардағы талдауға сәйкес, жауын-шашынның минималды түсуімен және асфальтбетон зауыттарының үздіксіз жұмысымен сипатталады.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.