Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайында 50 келіден астам бауырсақ таратылды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бүгін мерекелік атмосфера: музыкалық композициялар орындалып, әуе айлағының қызметкерлері бауырсақ таратып, ішкі және халықаралық ұшу терминалдарында киіз үйлер орнатылды.
Елордалық әуежай қызметкерлері ұшып келген және ұшатын жолаушыларды бауырсақтармен қарсы алып, шығарып салады.
«Көктем мерекесі — жаңарудың, жаңа өмірдің, жаңа мүмкіндіктердің символы. Ол махаббат пен достықтың салтанатына арналған. Наурыз — ескі жылда барлық жағымсыз нәрселер қалатынын, ал көктемде барлық жарқын және қуанышты нәрселер қайта туылатынын еске салады. Қонақтар үшін музыка ойналды, бір сағат ішінде 50 келіден астам бауырсақтар таратылды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында
Астана әуежайында күні кеше ҚР Қорғаныс министрлігінің құрметті қарауыл ротасы мен Орталық әскери оркестрі жолаушыларды құттықтады.
Әскерилер Наурыз мейрамымен Астана тұрғындары мен қонақтарын құттықтады
«Астананың халықаралық әуежайында Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрінің музыканттары мен құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері мерекелік концерттік бағдарламамен өнер көрсетті», - дейді әуе айлағында.
Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары халық және патриоттық әуендерді, әскери шерулер мен танымал хиттерді орындады. Олардың өнерін құрметті қарауыл ротасы сарбаздарының карабиндерімен дефиле толықтырды.
Мінсіз түзету және саптық элементтерді орындау кезіндегі қозғалыстардың синхрондылығы көрермендердің шынайы таңданысын тудырды.
Әскери қызметшілердің халықпен осындай импровизацияланған шығармашылық кездесулері бірлік сезімін туғызады, рухты нығайтады және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: