Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елордалық әуежай жұмыс уақытында ұшу-қону жолағының жабылу күндерін анықтады
Елордалық әуежай жұмыс уақытында ұшу-қону жолағының жабылу күндерін анықтады Ұшу-қону жолағы 4 сағатқа жабылады. Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады. Жұмыстар азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде орындалатын болады. Ережеге сәйкес, әуеайлақ қызметінің қызметкерлері жылына екі рет ұшу-қону жолағындағы резеңке қалдықтарын алып тастауға міндетті. Мұндай жұмыстарды орындау ҰҚЖ-ны кем дегенде 4 сағатқа жабуды талап етеді. Сонымен, ұшу-қону ең аз орындалатын күндер алдын-ала анықталды. Бұл 31 мамыр мен 7 маусым күндері сағат 13:20-дан 17:20-ға дейінгі уақыт. Айтпақшы, резеңке қабаттарын кетіру жұмыстары арнайы сұйықтық пен щеткамен жұмыс жасау арқылы жүзеге асырылады. Резеңке қабаттарын алып тастау әуежайларда жоспарлы жұмыстар болып табылады және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.