Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI) құрамына енді
Елордалық әуежай басшылығы Барселонаға іссапармен аттанды
Жыл сайынғы Конгресс және авиация индустриясының әлемдік көшбасшыларының Бас Ассамблеясы Барселонада өтуде. Онда әлемдік авиаиндустрияның дамуы туралы ең жаңа деректер мен болжамдары бар 50-ден астам баяндамашы сөз сөйлейді.
Сонымен қатар, ACI World-Amadeus Technology Innovation Awards және ACI Europe best Airport Awards іс-шарасы аясында әлемдік сарапшылар үздік әуежайлар мен салалық инновацияларды атап өтіп, марапаттайды.
Астана әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI) құрамына енді. Бұдан былай әуежай басшылығы осы ұйымның ірі салалық іс-шараларына белсенді қатысады.
Airports Council International (ACI) әуе көлігінің жаһандық жүйесін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуда. 2023 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша ACI 171 елдегі 712 мүшеге және 1925 әуежайға қызмет көрсетеді.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.