Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана әуежайының қызметкерлерінің арнайы киімдері жаңартылуда
«Восток-Сервис» компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде Астана халықаралық әуежайының қызметкерлерінің арнайы жазғы киімдерін, арнайы жазғы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарын жаңарту бойынша үлкен жоба іске асуда. Осы жоба аясында күні кеше әуежайға өнімдердің алғашқы легі келді. Киімдердің сапасын еңбекті қорғау басқармасы алдын ала тексеріп, өндірістік қызметтердің басшыларымен келісілген үлгілерге тапсырыс берді. Әуежай перронында қызмет ететін 1600 қызметкер жаңа арнайы киіммен қамтылды. Әуежайда жыл сайын қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ережелердің талаптарын орындау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі. Кәсіпорында қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару жоспары бойынша талаптарды орындау, қызметкерлерді оқыту және нұсқау беру жөніндегі іс-шаралар толығымен орындалады.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.