Астана әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу

Барлық жаңалықтар

2023-07-28

Астана әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу

Астана халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағының ағымдағы жөндеу жұмыстары 70 пайызға аяқталды. Осыған дейін атқарылған жұмыс нәтижесі мен жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын Басқарма Төрағасы Ерғазы Жолдасов пен орынбасарлары бақылады.

Әуежайдың ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстары 15-шілдеде басталып, 8-тамызда аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда жөндеу жұмысына отыздан астам қызметкер жұмылдырылды. Ұшу-қону жолағының 3 мыңнан астам шаршы метріне ыстық асфальт-бетон қоспасы құйылды. Сондай-ақ жолақтағы таңбалау жұмыстарының тең жартысы аяқталды.

Ұшу-қону жолағын жөндеу кезінде жарықтандыру құрылғыларын ауыстыру да жоспарланған. Қону аймағындағы 23 дана тереңдік шамдары мен орталық сызық шамдары ауыстырылды.

Әуежай жолағының ағымдағы жөндеу жұмысына байланысты күндізгі 11:00 мен 18:00 аралығында ұшу-қону жолағы жабық. Осыған орай ішкі және халықаралық рейстер кестесіне өзгеріс енді. Алайда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары рейстердің орындалуына еш кедіргі туғызған жоқ. Жөндеу жұмыстары басталғалы Астана халықаралық әуейжайынан 685 ішкі және 385 халықаралық рейс орындалды.

«Жолаушылардың қауіпсіз ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету мақсатында басталған ағымдағы жөндеу жұмысы сапалы жүріп жатыр. Жөндеудің сапалы әрі уақытылы аяқталуы біздің жіті бақылауымызда. Астана халықаралық әуежайы – тек еліміздегі емес, Орталық Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі. Сондықтан мұнда ішкі және халықаралық рейстердің саны көп. Тиісінше ұшу-қону жолағы да уақытылы жөндеуді қажет етеді», - деді Астана халықаралық әуежайы Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ