Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана Халықаралық әуежайы британдық One Air жүк кемесінің алғашқы рейін қуана қарсы алды
2023 жылдың 10 тамызында елорда әуежайына британдық One Air әуекомпаниясының алғашқы рейсі қонды.
One Air – халықаралық жүк, логистика және клиенттерге чартерлік қызметтердің толық спектрін ұсынатын жаңа британдық жүк әуекомпаниясы.
One Air Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға жүк тасымалы кезінде, Қазақстан арқылы өтіп, аптасына 2 рет Астана халықаралық әуежайына тоқтап, жанар-жағармай қорын толықтырады. Аталмыш әуекомпания рейстерді 747-400 special Freighter (SF) боингінде орындайтын болады.
Астана әуежайы географиялық орналасуы өте жақсы, Қазақстандағы ең үздік инфрақұрылымы бар әуежай болып есептеледі. Әуежай 2020 жылы өз қызметін әртараптандырып, жүк транзиттік әуекомпанияларын тартудың ең жақсы шарттарын ойластырды. Сол себепті One Air Еуропа мен Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы жүк ағынын дамыту үшін Астана әуежайын таңдады.
Айта кету керек, жыл басынан бері Астана Халықаралық әуежайында 400-ден астам жүк рейсі орындалған.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.