Сиань-Астана: әуежайда тараптардың өзара ынтымақтастығы талқыланды

Барлық жаңалықтар

2023-09-08

Сиань-Астана: әуежайда тараптардың өзара ынтымақтастығы талқыланды

ҚХР Сиань қаласы әкімшілігі өкілдері мен қала әуежайының басшылығы Астана халықаралық әуежайына ресми сапармен келіп, екі жақты кездесу өтті. Кездесуде тараптар өзара ынтымақтастық, бірлескен жобалар мен транзиттік желіні дамыту мәселелерін талқылады.
«Сиань Сяньян халықаралық әуежайы қазір транзиттік желіні одан әрі дамытуға күш салып келеді. Біздің әуежай жолаушы ағыны жоғары 40 халықаралық әуежайдың қатарына енеді. Сиань әуежайы жылына 47 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді. Транзиттік жолаушылардың санын арттыру мақсатында Астана халықаралық әуежайымыз тығыз әрі сенімді серіктестік орнатуға ниеттіміз», - деді China West Airport group бас менеджерінің орынбасы Тан Тао.
Сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының басшылығы Сиань әуежайының басшылығынан тарихи қалаға арнайы шақырту алды.
«Арадағы серіктестестікті дамытуға біз де мүдделіміз. Екі ортада тұрақты рейстердің артуы да біздің әуежай үшін үлкен мүмкіндік. Өзара тиімді жұмысты жалғастыруға дайынбыз», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ