Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы резеңкеден тазарту мақсатында уақытша жабылады

Барлық жаңалықтар

2023-10-08

Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы резеңкеден тазарту мақсатында уақытша жабылады

Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы 11,16,18 қазан күндері жергілікті уақытпен 13:20 – 17:20 аралығында уақытша жабылады. Бұл туралы барлық әуе компанияларға әуежай әкімшілігі 27 қыркүйек күні радиограмма арқылы хабарлады және ұшу кестесіне өзгерістер енгізу туралы алдын-ала келісілді. Осы уақыт аралығында ұшу-қону жолағын ұшақтардың тежелуі кезінде пайда болатын резеңкелерден тазалау жұмыстары жүргізіледі. Тазалау жұмыстары жыл сайын көктем-жаз мезгілі аяқталғанда және күзгі-қысқы мезгілдің басталар алдын жүргізіледі және бұл ұшу- қону қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тазалау жұмыстары халықаралық әуежайларда қолданылатын экологиялық таза тазалау құрылының көмегімен жүргізіледі. Тазалау жұмыстарынан соң ұшу-қону жолағындағы жолақтар қайта сырланады. Осы орайда Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстары үшін емес, резеңкеден тазалау мақсатында жабылатынына баса назар аударғымыз келеді. Естеріңізге сала кетейік, Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы биылғы жылдың 15 шілде-8 тамыз аралығында ағымдағы жөндеуден өткен болатын.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ