Маңызды ақпарат!

Барлық жаңалықтар

2023-12-12

Маңызды ақпарат!

12 желтоқсан күні сағат 00:00-ден 16:00-ге дейінгі уақыт (жергілікті) аралығында әуежайдан 44 рейс орындалды, оның ішінде ауа райы жағдайына (температураның -30 С-тан жоғары төмендеуі) байланысты, сонымен қатар, багаж бөлімдерінің, шасси тіректерінің, ұшақ қозғалтқыштарының қатып қалуы сияқты жағдайлар салдарынан 21 рейс кешіктірілді. Төмен температурада арнайы техникалар қатып қалатындықтан перронда әуе кемесіне қызмет көрсету қиындайды. Әуежай кідірістерді болдырмау үшін авиакомпаниялармен үздіксіз байланыста жұмыс істейді.

Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді.
Жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, авиациядағы басты қағида жолаушылардың қауіпсіздігі екенін хабарлаймыз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ