Turkish Airlines әуекомпаниясы жаңа жыл қарсаңында әуежай қызметкерлеріне Түркияға билеттер сыйлады

Барлық жаңалықтар

2023-12-27

Turkish Airlines әуекомпаниясы жаңа жыл қарсаңында әуежай қызметкерлеріне Түркияға билеттер сыйлады

Turkish Airlines әуекомпаниясы жаңа жыл қарсаңында әуежай қызметкерлеріне Түркияға билеттер сыйлады. Әуекомпания өкілдері жолаушыларға тамаша қызмет көрсетудегі адалдықтары мен күш-жігерлері үшін қызметкерлерге алғыс білдірді.

Turkish Airlines жолаушыларға қызмет көрсету саласында үнемі жоғары деңгейге жетуге және стандарттарды арттыруға ұмтылады. Әрі Turkish Airlines Астана әуежайының басты және маңызды серіктестерінің бірі.

Әуетасымалдаушы биыл Астана-Стамбул бағыты бойынша-479, Астана-Анталья бағытына - 162, Астана-Бодрум бағытына-12, Астана-Анкара бойынша-102 рейс орындады. Әлемдік аренадағы көшбасшы әуекомпаниялардың бірі болып табылатын Turkish Airlines тек осы жылдың өзінде екі ел арасында 113 мәрте жүк рейсін орындады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ