Астана әуежайындағы метео жағдайға байланысты ақпарат

Барлық жаңалықтар

2024-01-10

Астана әуежайындағы метео жағдайға байланысты ақпарат

Астана халықаралық әуежайының әуеайлағында қызметкерлер қолайсыз ауа-райында қызмет етіп жатыр.

10 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды.

14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа-райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.

Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қалың қар, желдің жылдамдығы 10 м/с, алайда желдің екпіні 15м/с дейін жетіп тұр.

Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуекомпаниялардың техникалық себептеріне байланысты кешіктірілуде.

Ал ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыруы тіркелген жоқ.

Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.

Рейстері туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады.

Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8(7172)702-999.

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ