Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
+1 VISIT CENTER
Бүгіннен бастап елорда әуежайында туристік ақпараттық орталық өз жұмысын бастады.
Жыл сайын әуежайдың жолаушылар ағыны артуда. Демек бас қаланың көрікті жерлерін тамашалау үшін келетін туристердің де қарасы көбейеді. Мәселен, өткен жылы Астана әуежайы 7,5 миллион жолаушы қабылдаған болатын.
Туристік ақпараттық орталық мамандары қонақтарды Астана қаласының өзіндік ерекшеліктерімен таныстырып, баратын жерлері туралы жан-жақты мәліметпен қамтамасыз етеді.
Ақпараттық орталықтың ресми ашылу салтанатына Астана халықаралық әуежайының басшылығы және Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қ.Б. Сапаров қатысып, бұл оқиғаның елорданың туризмін дамытудағы маңызын атап өтті.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.