Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
2023 жылдың қазан айынан бастап "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ жалпы құжат айналымын электрондық құжат айналымының озық жүйесіне ауыстырды
Documentolog Platform электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу Қоғам операцияларын автоматтандырудағы маңызды қадам болды. Бұл құжаттарды өңдеуге және бекітуге, сондай-ақ қоғамның әртүрлі бөлімшелері арасында да, басқа ұйымдармен және мемлекеттік органдармен хат алмасуда да құжаттарды жеткізуге кететін уақытты едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Енді барлық ішкі құжаттарға, шығыс құжаттарға, бұйрықтар мен өкімдерге электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы қол қойылады, барлық кезеңдерде бизнес-процестердің толық ашықтығын қамтамасыз етеді және операциялардың тиімділігін арттырады.
Documentolog Platform-тың негізгі ерекшеліктерінің бірі - ол қоғамның бірегей талаптары мен жағдайларын ескере отырып, жүйенің икемді конфигурациясын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жүйенің функционалдығын кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл процестер қоғамның іс қағаздарын жүргізудің операциялық тиімділігін одан әрі жақсартуға бағытталған.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: