Құрметті жолаушылар!

Барлық жаңалықтар

2024-02-07

Құрметті жолаушылар!

Ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енетінін хабарлаймыз.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Елорда әуежайы күн сайын 200-ден астам рейске қызмет көрсетеді. Олардың ішінде түнгі рейстер саны 100-ге жуық. Бұл рейстер тәуліктің күндізгі уақытына ауыстырылатын болады.

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде.

Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ