Елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторлары жыл басынан бері жолаушыларды тексеру пунктерінде 2 мыңға жуық тыйым салынған зат анықтады

Барлық жаңалықтар

2024-02-10

Елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторлары жыл басынан бері жолаушыларды тексеру пунктерінде 2 мыңға жуық тыйым салынған зат анықтады

Тексеру барысында көзге ерекше түскен заттардың қатарында 200 шамасында қаруға ұқсас ойыншықтар мен сувенирлер, сондай-ақ тез тұтанатын 174,25л сұйықтық пен 15-ке жуық пиротехникалық заттар болған.

Сонымен қатар, тыйым салынған заттарға қатысты 16 материал сот және құқық қорғау органдарына жіберілді.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыйымдылығы 100 мл-ден асатын контейнерлердегі кез келген сұйықтықты (су, сусындар, қырынуға арналған көбік және т.б.), әсіресе белгісіз құрамдағы заттар мен сұйықтықтарды (зауыттық қаптамасыз, техникалық паспортсыз және сертификатсыз) қол жүгімен тасымалдауға тыйым салынады.

Астана әуежайының әуе қауіпсіздігі қызметі багажды жинау барысында жолаушыларға барынша жауапкершілік танытып, қол жүгі мен багаж тасымалдауда тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға кеңес береді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ