Қазақстан 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуін енгізеді

Барлық жаңалықтар

2024-02-19

Қазақстан 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуін енгізеді

Қазіргі уақытта екі бөлек уақыт белдеуі қолданылатын Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) енгізіледі.

2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады.

Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

Уақыт белдеуі ауысуына орай рейстердің ұшу және ұшып келу уақыты өзгеруі мүмкін, сондықтан ақпаратты нақтылау үшін жолаушылардан әуекомпанияларға хабарласуларын сұраймыз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ