БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Астана әуежайындағы қауіпсіздік шараларына жоғары баға берді

Барлық жаңалықтар

2024-05-27

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Астана әуежайындағы қауіпсіздік шараларына жоғары баға берді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитеті Атқарушы директораты 20-24 мамыр аралығында  Қазақстан Республикасын бағалау сапарын өткізді. Сапар аясында директорат Астана халықаралық әуежайына ресми жұмыс сапарымен келді.

Елорда әуежайында өткен жиында БҰҰ делегациясы өкілдері әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысымен танысып, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Азаматтық авиация комитетінің, Сыртқы Істер Министрлігінің өкілдерімен, сондай-ақ әуежай аумағында орналасқан күштік және құқық қорғау құрылымдарының өкілдерімен бірлесіп авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ БҰҰ делегациясының өкілдеріне авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді, жолаушыларды ұшу алдындағы тексеруді, шекаралық және кедендік бақылау пункттерінде жолаушылардың жүріп-тұруын қадағалау мүмкіндігі берілді. Елорда әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік шараларын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері жоғары баға берді.

 

Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік  қызметі 2023 жылдан бері 56 террористік сипаттағы қауіпті анықтап, тіркелген хабарламалар бойынша қолданыстағы алгоритмге сәйкес құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп тиісті іс-шаралар жүргізді. Ал тексеру бөлімі 2023 жылы 5 200 000-нан астам жолаушыны ұшу алдындағы тексеруден өткізген. Тексеру пункттерінде 24 000-нан астам әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған  заттар анықталды. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың тексеру бөлімі адам денесін сканерлеу арқылы жарылғыш заттардың бөлшегін анықтай алатын заманауи құрылғылар мен әуежай терминалы 1000-нан астам бақылау камераларымен жабдықталған.

Айта кету Астана халықаралық әуежайы халықаралық әуе көлігі қауымдастығы IATA жүргізген жерүсті қызмет көрсету қауіпсіздігі халықаралық ISAGO аудитінің сертификатын иеленген Қазақстандағы жалғыз әуежай болып саналады.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ