NQZ SPARTAKIAD - 2024

Барлық жаңалықтар

2024-06-03

NQZ SPARTAKIAD - 2024

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Астана халықаралық әуежайы қызметкерлері арасында 2 күнге созылған Басқарма төрағасының арнайы жүлдесі NQZ SPARTAKIAD - 2024 спорттық сайысы өтті.

Сайыстың жалпы жүлде қоры – 1 200 000 теңгені құрады.

Спартакиада 2 спорт түрінен, оның ішінде үстел теннисі мен ерлер арасындағы шағын футболдан тұрды.

Ойын барысында шын мықтылар анықталып, марапатталды.

Ерлер арасындағы шағын футболдан:
1-орынды «ИАС» командасы
2-орынды «Авиациялық қауіпсіздік қызметі» командасы
3-орынды «Перрон жүкшілері бөлімі» командасы иеленді.

Әділқазылар шешімімен жақсы ойын көрсеткені үшін «Көкшетау әуежайы» командасына да арнайы сыйлық табысталды.

Сондай-ақ теңбіл доп жарысында ерекше көзге түскен қызметкерлер үш түрлі номинация бойынша марапатталды:
«Үздік қақпашы» - Сулейменов Жанибек
«Үздік бомбардир» - Уринбасов Ақжол
«Үздік қорғаушы» - Искаков Қуандық

Ерлер арасындағы үстел теннисінде 30-ға жуық, әйелдер арасындағы теннисте 10-ға жуық қызметкер бақ сынады.

Нәтижесінде ерлер арасындағы үстел теннисінен:
1-орынды Қайыпназаров Ербол
2-орынды Ким Петр
3-орынды Беккожин Кабулда иеленді.

Әйелдер арасындағы үстел теннисінде:
1-орын Баширова Камилаға
2-орын Сериккали Айгеримге
3-орын Кургашова Саяға бұйырды.

Спартакиаданың тартысты, қызықты өтуіне атсалысқан әуежайдың барлық қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ