Wizz Air Abu Dhabi авиакомпаниясының рейстері уақытша тоқтатылмақ

Барлық жаңалықтар

2025-06-19

Wizz Air Abu Dhabi авиакомпаниясының рейстері уақытша тоқтатылмақ

Құрметті жолаушылар!

Wizz Air Abu Dhabi авиакомпаниясы Астана (NQZ әуежайы) мен Абу-Даби (AUH әуежайы) арасындағы рейстердің уақытша тоқтатылғаны жөнінде хабарлайды. Бұл шешім Таяу Шығыстағы қазіргі саяси жағдайға байланысты қабылданды.

📅 Астанадан Абу-Дабиге соңғы рейс 2025 жылдың 19 маусымында келесі кесте бойынша орындалады:
∙ NQZ әуежайынан ұшу — жергілікті уақыт бойынша 15:45.

Абу-Дабиден Астанаға кері бағытта ұшуды жоспарлаған жолаушыларға авиакомпания Алматы (ALA) арқылы балама бағыт ұсынады.
Егер балама бағыттан бас тартқыңыз келсе, билеттің толық құнын қайтару мүмкіндігі бар — бұл үшін Wizz Air колл-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

🛡 Естеріңізге саламыз: рейстердің кестесіне және бағыттарына қатысты барлық өзгерістер жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша Wizz Air авиакомпаниясының клиенттерге қызмет көрсету орталығына тікелей хабарласуыңызды сұраймыз.

Авиакомпания сайты: wizzair.com

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ