
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

1 қыркүйектен бастап тасымалдануға тыйым салынған заттар әуежай қоймасында сақталмайды
Халықаралық тәжірибе мен авиациялық қауіпсіздіктің жаңа талаптарына сәйкес, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Астана халықаралық әуежайы алдын ала тексеру барысында жолаушылардан алып қойылған, әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды сақтау тәжірибесін тоқтатады.
Бұл шешім келесі мақсаттарға бағытталған:
• Қауіпсіздік деңгейін арттыру;
• Тексеру қызметінің жұмысын оңтайландыру;
• Жолаушылардың рәсімдерден өту уақытын қысқарту.
Маңызды ақпарат:
• Алып қойылған заттар енді сақталмайды және жойылады;
• Тыйым салынған заттарды тексеруге дейін еріп келген адамдарға тапсыруға болады;
• Тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға болады — біздің сайтта, тіркеу орындарында, тексеру аймақтарында, сондай-ақ әуе компанияларының сайттарында.
Назар аударыңыз:
Қолданыстағы талаптарға сәйкес әуе көлігімен тасымалдауға мынадай заттарға тыйым салынады:
• Зауыттық қаптамасы жоқ азық-түліктер (үй жағдайында дайындалған тағамдар, бал, тосап, сүт өнімдері және т.б.);
• 100 мл-ден асатын көлемдегі сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер;
• Өткір, кесетін және қауіп төндіруі мүмкін заттар.
Жолаушылардан қол жүгін және багажды тасымалдау ережелерімен алдын ала танысуды сұраймыз, бұл тексеру рәсімдерінен тез өтуге және жағымсыз жағдайлардан сақтануға көмектеседі.
Тыйым салынған заттардың толық тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033197
Түсіністік пен ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз.
Қауіпсіздік — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Қосымша ақпарат алу үшін әуежайдың анықтама қызметіне хабарласыңыз:
+7 (7172) 702-999
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


