
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы: перрондағы жұмыстар рейстер санына әсер еткен жоқ
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында перронда жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Бұл жұмыстар асфалт жабынын жаңартумен байланысты және ұшу қауіпсіздігі мен аэродром инфрақұрылымының сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Перрон – әуежайдың ең көп жүктелетін аймақтарының бірі. Онда күн сайын ауыр әуе кемелері, жерүсті техникасы, жанармай құю машиналары және жолаушылар автобустары қозғалады. Белсенді пайдалану мен климаттық жағдайлар – температураның күрт ауытқуы, аяз, қар және қыс мезгілінде қолданылатын реагенттер – жабын құрылымын біртіндеп бұзады. Сондықтан жекелеген учаскелерде асфальтты жаңарту – аэродромды жұмыс күйінде ұстаудың маңызды бөлігі болып табылады.
Әрине, жөндеу жұмыстары белгілі бір қолайсыздықтар тудыратыны сөзсіз, алайда бұл рейстер санына әсер еткен жоқ. Әуежай жолаушылар ағынын толық көлемде қабылдап, қалыпты режимде қызмет көрсетуде: күн сайын 200-ден астам рейс орындалады. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қызмет көрсету сапасы мен рейстердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуде.
Жөндеу жұмыстары әуежайдың операциялық қызметіне әсерін барынша азайту мақсатында ұйымдастырылған. Негізгі жұмыстар жүктеме төмен кездерде жүргізіледі. Бұл әуежайға қауіпсіздік пен инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қатар қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Орталық Азиядағы маңызды әуе торабы ретіндегі орнын сақтап отыр және жөндеу жұмыстары жүріп жатса да, ұшу сенімділігі мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының жоғары стандарттарын сақтап келеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


