
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Қазақстан халықаралық авиациялық қауіпсіздік саласында өз позициясын нығайтуда
ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аудитінің алдын ала қорытындылары шығарылды.
Халықаралық сарапшылар 2017 жылғы аудитпен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеуді атап өтті:
– заңнаманы жетілдіру;
– мемлекеттік бақылау жүйесін күшейту;
– талаптардың авиакомпаниялар мен әуежайларда нақты орындалуы;
– мамандардың дайындық деңгейін арттыру;
– халықаралық тасымал кезінде жолаушыларға арналған рәсімдерді жеңілдету.
ИКАО аудиттік тобының жетекшісі Вайн Каллум атқарылған жұмыс үшін қазақстандық мамандарға алғысын білдіріп, қол жеткізілген нәтижелер Қазақстанды әлемдік авиациялық қауіпсіздік рейтингінде жоғары деңгейге көтеретінін атап өтті.
Қорытынды нәтижелер 15 қарашаға дейін жарияланады, алайда қазірдің өзінде Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласында сенімді түрде алға жылжығаны баршамызға белгілі.
Астана әуежайы үшін бұл — ерекше мақтаныш: біз күн сайын әр жолаушының өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінуі үшін жұмыс істейміз. Мұндай нәтижелер — әуежайымыздың халықаралық үздік стандарттар бойынша дамып жатқанын дәлелдейді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


