Астана әуежайы мен Lufthansa рейстерді қайта жандандыру жолында!

Барлық жаңалықтар

2025-10-16

Астана әуежайы мен Lufthansa рейстерді қайта жандандыру жолында!

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Lufthansa авиакомпаниясының өкілдерімен жазғы маусымда рейстерді қайта бастау мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Тараптар ынтымақтастықтың келешегін, маршруттық желіні дамыту және әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады. Әуежай басшылығы Германия — қазақстандық жолаушылар үшін ең танымал бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағыт бойынша еліміздегі жолаушылар ағынының 60%-дан астамы Астана әуежайының үлесіне тиесілі.

Кездесу барысында тараптар рейстерді қайта жаңғыртуға және болашақтағы бірлескен жұмысқа өзара қызығушылық білдірді.

Lufthansa компаниясындағы серіктестерімізге сындарлы диалог үшін алғысымызды білдіреміз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ