Airbus қауіпсіздік директивасына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер болуы мүмкін

Барлық жаңалықтар

2025-11-29

Airbus қауіпсіздік директивасына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер болуы мүмкін

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы (NQZ) жолаушыларды және мүдделі тараптарды Airbus компаниясының бүкіл әлемде пайдаланылатын Airbus A320 әуе кемелеріне қатысты қауіпсіздік бойынша жаһандық ескерту жариялағаны жөнінде хабардар етеді. Бұл ескерту кейбір ұшақтарда қолданылатын ұшуды басқару компьютері бағдарламалық жасақтамасының белгілі бір нұсқасына қатысты және әуе компанияларынан жоспарлы техникалық жаңарту жүргізуді талап етеді.

Аталған талап — Airbus компаниясының халықаралық деңгейде қолданылатын директивасы. Әлемнің барлық елдеріндегі осы нұсқадағы ұшақтарды пайдаланатын әуе компаниялары өздерінің авиациялық реттеушілерімен бірлесіп қажетті шараларды орындауды бастап кетті. Бұл алдын алу сипатындағы стандартты қауіпсіздік процедурасы болып табылады.

NQZ әуежайы серіктес әуе компанияларымен өзара жұмысын күшейтіп, әуежай қызметінің үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Airbus A320 ұшақтарымен орындалатын кейбір рейстердің кестесінде аздаған өзгертулер болуы мүмкін. Мұндай ақпарат жолаушыларға әуе компанияларының өз арналары арқылы дер кезінде хабарланады.

Әуежайдың барлық қызметі және қауіпсіздік жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын растаймыз. Барлық рейстер халықаралық талаптар мен авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сай орындалуда.

NQZ әуежайы жағдайды бақылауды жалғастырып, қажет болған кезде қосымша ақпарат жариялайды.

— Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ