Астана әуежайындағы рейстер бойынша өзекті ақпарат

Барлық жаңалықтар

2025-12-15

Астана әуежайындағы рейстер бойынша өзекті ақпарат

Қазіргі таңда Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Ауа райына байланысты рейстердің кешігуі тіркелген жоқ.

Рейс кестесіндегі өзгерістер тек әуе кемелерінің басқа әуежайлардан кешігіп келуіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай шешімдерді авиакомпаниялар қабылдайды.

Қазіргі уақытта бір рейс тоқтатылды. Бұл шешім Талдықорған әуежайындағы қолайсыз метео жағдайларға байланысты қабылданған, аталған әуежайда әуе кемесін қабылдау мүмкіндігі уақытша шектелген.

Әуежайдың барлық қызметтері толық көлемде жұмыс істеп, операциялық үдерістер тұрақты түрде қамтамасыз етілуде.

Жолаушыларға рейстердің статусы бойынша өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың ресми арналарынан нақтылауды ұсынамыз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ