
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астана халықаралық әуежайы 9,2 миллионыншы жолаушыны қарсы алды
Астана халықаралық әуежайы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 9,2 миллион жолаушыға қызмет көрсетіп, Қазақстандағы жетекші әуе айлақтарының бірі әрі елорданың негізгі авиациялық хабы ретіндегі орнын нығайтты.
9,2 миллионыншы болып тіркелген жолаушы – халықаралық Turkish Airlines авиакомпаниясының рейсімен ұшып келген шетел азаматы Cola Andreas, ол отбасымен бірге келді.
Іс-шара барысында 9,2 миллионыншы жолаушы мен оның отбасы Астана халықаралық әуежайы, Turkish Airlines және Astana Visit компанияларының естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Жыл бойы әуежай жоғары жолаушылар ағыны жағдайында тұрақты жұмыс атқарып, ішкі және халықаралық бағыттар бойынша тұрақты рейстерді орындады. Орта есеппен Астана әуежайынан тәулігіне 200-ден астам рейс жүзеге асырылады, бұл әуе тасымалдарына деген тұрақты сұранысты және жолаушылардың жоғары мобильдігін көрсетеді.
Әуежай жолаушылар мен авиакомпаниялар үшін инфрақұрылым мен сервистерді кезең-кезеңімен дамытуды жалғастыруда. 2025 жылы қауіпсіздік мәселелеріне, аэродром инфрақұрылымының сенімділігіне және қызмет көрсету сапасына ерекше көңіл бөлінді. Әуежай халықаралық аудиттер мен тексерулерден өтіп, авиациялық қауіпсіздік пен пайдалану саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін растады.
Бүгінде Астана халықаралық әуежайы іскерлік, туристік және транзиттік маңызды орталық қызметін атқарып, Қазақстан астанасын жақын және алыс шетелдердің негізгі бағыттарымен байланыстырып отыр. Заманауи инфрақұрылым, білікті персонал және цифрлық шешімдерді енгізу әуежайдың үздіксіз жұмысын және жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
9,2 миллион жолаушы межесіне жету – әуежай ұжымының жүйелі жұмысының нәтижесі әрі көрсетілетін қызмет сапасы мен тасымалды ұйымдастыру деңгейіне жолаушылардың жоғары сенімін білдіреді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


