Көлік министрі елорда әуежайының жұмыс барысымен танысты

Барлық жаңалықтар

2026-01-24

Көлік министрі елорда әуежайының жұмыс барысымен танысты

Бүгін, 24 қаңтар күні, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жұмыс сапарымен Астана халықаралық әуежайына келді. Сапар барысында министр әуежайдың операциялық қызметімен танысып, сондай-ақ халықаралық рейстерге қызмет көрсету үдерістерінің негізгі бағыттары туралы ақпарат алды.

Министрдің сапары қарсаңында, 23 қаңтар күні сағат 19:40-тан 24 қаңтар күні сағат 05:00-ге дейінгі аралықта Астана әуежайында халықаралық рейстермен келетін жолаушылардың паспорттық бақылаудан өтуі және багаж алу уақытына қатысты хронометраж жүргізілді.

Хронометраж нәтижелері бойынша:

  • бір халықаралық рейс жолаушыларының паспорттық бақылаудан өтуінің орташа уақыты 14 минут 38 секундты құрады;
  • бірнеше рейске бір мезгілде қызмет көрсетілген жағдайда, бұл уақыт орта есеппен 20 минутқа ұлғаяды, бұл белгіленген нормативтерге сәйкес келеді;
  • бір халықаралық рейстің багажды беру бойынша орташа уақыты 27 минут 23 секундты құрады.

Тіркелген барлық көрсеткіштер рұқсат етілген нормалар мен қолданыстағы регламенттік талаптарға сәйкес келеді.

Сапар аясында Көлік министрі Q-gate автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйелерінің жұмысымен де танысты. Бір жолаушыны танудың орташа уақыты 10–12 секундты құрайды, бұл сыйымдылығы 300 адамға дейінгі бір әуе кемесінің жолаушыларын 20–30 минут ішінде өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Астана халықаралық әуежайы Басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов Көлік министріне әуежайды дамыту тұжырымдамасын, оның ішінде екінші ұшу-қону жолағын салу және әуежай маңында кешенді қалалық экожүйе — аэротрополис қалыптастыру жоспарларын таныстырды.

Әуежай инфрақұрылымын дамыту Астанада өңірдің негізгі авиациялық хабын қалыптастыруға және халықаралық стандарттарға сәйкес жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ