
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Астана халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы жоспарлы жұмыстар туралы хабарлайды
Астана халықаралық әуежайы 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Бекітілген құжаттамаға және НОТАМ талаптарына сәйкес, аталған кезеңде ұшу-қону жолағы күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабылады.
Жүргізілетін жұмыстар жоспарлы сипатқа ие және әуеайлақ инфрақұрылымын, сондай-ақ жарық-сигналдық жабдықтарды жұмысқа жарамды күйде ұстауға, ұшу қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Жұмыстар жүргізілетін уақыт аралығында орындалатын барлық халықаралық және ішкі тұрақты рейстер тәуліктің ертерек немесе кешірек уақытына ауыстырылды.
Рейстер кестесіндегі өзгерістер авиакомпаниялармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген. Әуежай уақытша шектеулерден тыс кезеңде штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға рейстердің өзекті кестесін авиакомпаниялардан нақтылауды ұсынып, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


