
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Астана халықаралық әуежайы Centrum Air авиакомпаниясының жаңа рейстерін қарсы алады
Астана халықаралық әуежайы Centrum Air авиакомпаниясы Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосатынын хабарлайды.
Аталған бағыттың ашылуы жазғы әуе қатынасы кестесі аясында 2026 жылғы 29 наурызға жоспарланған. Рейстер аптасына үш рет — дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері заманауи әрі жайлы Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты шамамен 2 сағатты құрайды.
Барып-қайту әуе билеттерінің ең төменгі бағасы багажсыз шамамен 85 мың теңгеден басталады.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, іскерлік, туристік және отбасылық сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
