
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Елорда әуежайында авиациялық хабты дамыту жобалары таныстырылды
2026 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев жұмыс сапарымен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында болды.
Сапар барысында Бас көлік прокурорына әуежай инфрақұрылымының негізгі нысандары бойынша ақпарат берілді. Әуежай басшылығы Т1 терминалының жұмысын, шекаралық бақылау мен стерильді аймақтың қызметін, сондай-ақ әуежай инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мен оны дамыту жоспарларын таныстырды.
Т1 терминалының конференц-залында халықаралық авиациялық хабты дамыту тұжырымдамасы, әуежайдың коммерциялық саясаты, Т1 және Т2 терминалдарындағы автотұрақтарды ұйымдастыру, сондай-ақ қолданыстағы ұшу-қону жолағын жөндеу және екінші ұшу-қону жолағын салу жоспарлары бойынша таныстырылым өтті.
Сонымен қатар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған Q-Gate автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесін енгізу жобасына ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысында терминалдар аумағындағы автотұрақ инфрақұрылымын дамыту және оны тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Әуежай басшылығы инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу елорда әуежайын дамытудың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:


