Астана халықаралық әуежайында Lufthansa авиакомпаниясымен серіктестіктің 20 жылдығы және рейстердің қайта жандануы атап өтілді

Барлық жаңалықтар

2026-03-29

Астана халықаралық әуежайында Lufthansa авиакомпаниясымен серіктестіктің 20 жылдығы және рейстердің қайта жандануы атап өтілді

Астана халықаралық әуежайы Lufthansa авиакомпаниясының Франкфурт – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта бастағанын және екіжақты серіктестіктің 20 жылдығын хабарлайды.

2006 жылғы 25 наурызда орындалған алғашқы рейстен бері 1000-нан астам рейс жүзеге асырылып, 120 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетілді. Әуежай авиакомпаниямен қалыптасқан ұзақ мерзімді әрі сенімді серіктестікті жоғары бағалайды.

Lufthansa — қызмет көрсету сапасы, қауіпсіздік стандарттары және операциялық тұрақтылығы жоғары деңгейде танылған халықаралық әуе тасымалдаушы. Бұл ынтымақтастық Астананың халықаралық әуе қатынасындағы рөлін күшейтуге ықпал етеді.

Жазғы маусымдық кесте аясында авиакомпания Франкфурт (FRA) – Астана (NQZ) бағыты бойынша аптасына төрт рет рейс орындайды. Рейстер шеңберлік қағидат бойынша жүзеге асырылып, Еуропа және Солтүстік Американың ірі қалаларына ыңғайлы түйісу мүмкіндігін ұсынады.

Серіктестіктің 20 жылдығына орай әуежайда салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға авиация саласының өкілдері қатысты, олардың қатарында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің халықаралық әуе қатынастарын реттеу басқармасының басшысы Акилбеков А.А., Lufthansa авиакомпаниясының өкілі Воронин А., сондай-ақ елорда әуежай атынан Сатбаева Г.А. болды.

Ұшулар Airbus A340-300 әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Әуе кемесінде қызмет көрсетудің үш класы қарастырылған. Жолаушыларға бортта тамақтану, заманауи ойын-сауық жүйесі және FlyNet интернет қызметі ұсынылады, бұл сапар барысында жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз етеді.

Астана халықаралық әуежайы Lufthansa авиакомпаниясына көпжылдық сенімді серіктестігі мен конструктивті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және алдағы уақытта да әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ