Астана халықаралық әуежайына Centrum Air жаңа әуе компаниясының алғашқы рейсі келіп қонды

Барлық жаңалықтар

2026-03-29

Астана халықаралық әуежайына Centrum Air жаңа әуе компаниясының алғашқы рейсі келіп қонды

Астана халықаралық әуежайында Өзбекстанның Centrum Air әуе компаниясының Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстерінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы Акилбеков Аскар Акилбекович, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің консулы Сайдахмедов Ализод Артықалиевич және кеңесшісі Калназаров Ұлықбек Азатович қатысты. Сонымен қатар, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Асқар Искуҗин Сандыбекович сөз сөйледі.

Қатысушылар өз сөздерінде жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Centrum Air әуе компаниясы Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша рейстерді аптасына үш рет — дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері орындайды. Ұшулар заманауи Airbus A320 және А321 әуе кемелерімен жүзеге асырылады, ал ұшу уақыты шамамен 2 сағатты құрайды.

Жаңа бағыттың іске қосылуы жолаушыларға қолжетімді әрі ыңғайлы әуе қатынасын ұсына отырып, екі ел астаналары арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтереді.

Астана — Орталық Азиядағы жетекші саяси және іскерлік орталықтардың бірі болса, Ташкент — өңірдегі ірі экономикалық және мәдени мегаполис ретінде маңызды авиациялық хаб саналады.

Centrum Air халықаралық маршруттық желісін кеңейтуді жалғастыра отырып, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуда.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ