Астана әуежайында жолданымдарды өңдеудің «E-Otinish» ақпараттық жүйесі бойынша оқыту семинары өтті

Барлық жаңалықтар

2026-03-27

Астана әуежайында жолданымдарды өңдеудің «E-Otinish» ақпараттық жүйесі бойынша оқыту семинары өтті

2026 жылғы 27 наурызда «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да құжат айналымы бөлімі бастамасымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне арналған «E-Otinish» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинарға Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің 50-ден астам жұмыскері мен басшылары қатысты.

Лектор ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ДКПжСУ бөлімінің прокуроры Шыңғыс Алдияр Жәнібекұлы сөз сөйледі.

Семинарды құжат айналымы бөлімінің басшысы Нурекешова Сабира Сериковна ашып, лекторды таныстырып, оқыту семинарының тақырыбын жария етті.

Семинар барысында қатысушылар «E-Otinish» жүйесінің негізгі функцияларымен, өтініштерді тіркеу, есепке алу және орындау тәртібімен, сондай-ақ олардың сапасы мен қарау мерзімдеріне қойылатын талаптармен таныстырылды. Лектор Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіне қатысты негізгі өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар қағаз түріндегі өтініштерді тіркеу, оларды қайта жолдау тәртібі, қарау мерзімдеріне қатысты жаңа тәсілдер, сондай-ақ өтініштермен жұмыс істеу кезінде заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҚР ӘРПК-нің негізгі баптарының талаптары да түсіндірілді.

Семинар тәжірибеге бағытталған форматта өтіп, нақты жағдайларды талқылау және қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап беру арқылы жүргізілді.

Өткізілген оқыту азаматтардың жолданымдарымен жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Семинар материалдары (презентациялар мен слайдтар) Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелеріне жолданды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ