Cargolux пен Астана әуежайы арасындағы ынтымақтастық қайта жанданды

Барлық жаңалықтар

2026-06-01

Cargolux пен Астана әуежайы арасындағы ынтымақтастық қайта жанданды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы әлемдегі ең ірі жүк әуе тасымалдаушыларының бірі — Cargolux компаниясымен бірлескен жұмысты қайта бастайды.

Жобаның алғашқы кезеңінде әуе компаниясы елорда әуежайында техникалық қонулар орындап, жанармай құю және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асырады. Алдағы уақытта жүк бағытындағы коммерциялық рейстерді іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда.

Бұл серіктестік Қазақстанның халықаралық транзиттік әлеуетін дамытуға және Астананың Еуропа мен Азия арасындағы маңызды авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға ықпал етеді 🌍✈️

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ