
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

ҚЫТАЙДЫҢ SICHUAN AIRLINES ӘУЕКОМПАНИЯСЫ АСТАНА АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮК РЕЙСТЕРІН ІСКЕ ҚОСТЫ
2026 жылғы 2 маусымда Астана халықаралық әуежайы Қытайдың Sichuan Airlines әуекомпаниясының алғашқы жүк рейсін қарсы алды. Осылайша Қытай Халық Республикасы мен Еуропа арасындағы жаңа бағыт ашылып, Қазақстан астанасында техникалық қону жүзеге асырылды.
Рейстер Чэнду – Астана – Будапешт бағыты бойынша Airbus A330 жүк әуе кемелерімен орындалады. Ұшу жиілігі аптасына сегіз рейсті құрайды. Бұл Азия мен Еуропа арасындағы жүк әуе тасымалына сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан арқылы өтетін халықаралық жүк тасымалын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды. Sichuan Airlines рейстерінің іске қосылуы жүк тасымалы көлемін арттыруға, халықаралық әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастықты кеңейтуге және елорда әуежайының логистикалық әрі транзиттік жобалар үшін тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары Астана халықаралық әуежайы транзиттік әлеуетті дамыту және жаңа халықаралық тасымалдаушыларды тарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Нәтижесінде Азия мен Еуропа арасындағы бағыттарда елорда әуежайын аралық пункт ретінде пайдаланатын транзиттік жолаушылар және жүк рейстерінің саны тұрақты түрде артып отыр. Бұл Астананың Орталық Азиядағы маңызды авиациялық және логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Чэнду – Астана – Будапешт бағыты бойынша рейстердің орындалуы Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, Астана халықаралық әуежайының транзиттік тартымдылығын одан әрі күшейтеді деп күтілуде.
Анықтама үшін:
Sichuan Airlines — 1986 жылы құрылған Қытайдағы ірі әуе компанияларының бірі. Әуекомпания Сычуань провинциясының Чэнду қаласында орналасқан. Компания ішкі және халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдарын жүзеге асырады. Әуе паркінің басым бөлігін заманауи Airbus әуе кемелері құрайды. Тасымалдаушының бағыттық желісі Қытай, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Австралия елдеріндегі ондаған бағытты қамтиды. Бүгінде Sichuan Airlines Қытайдың халықаралық көлік-логистикалық байланыстарын дамытуда маңызды рөл атқарып, елдің батыс бөлігіндегі жетекші әуе тасымалдаушылардың бірі саналады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
