
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Астана әуежайының жолаушылар ағыны болжамнан бес жыл бұрын асып түсті: жапон инженері Такеюки Шимофудзи елордалық авиациялық хабтың болашағы туралы
Астана халықаралық әуежайы (AIA) жолаушылар ағынының жоспарланған көрсеткіштерден екі есеге жуық артуына байланысты инфрақұрылымдық тапшылық мәселесіне тап болып отыр. Бұл туралы екінші ұшу-қону жолағын салу жобасының сапаны бақылау жөніндегі менеджері Такеюки Шимофудзи мәлімдеді. 2000–2006 жылдардағы ауқымды реконструкция кезеңінен бері елорданың басты әуе қақпасының сапасын қамтамасыз етуге үлес қосып келе жатқан жапон маманы терминал аумағын кемінде 50 пайызға кеңейту қажеттігін атап өтті. Мәселенің ауқымы: қолданыстағы инфрақұрылым жүктемеге төтеп бере алмай отыр Такеюки Шимофудзи елордалық әуежайдың заманауи келбетін қалыптастыруға атсалысқан мамандардың бірі болды. Ол 2000-жылдардың басындағы қайта жаңғырту жұмыстары кезінде инженердің өкілі (Engineer’s Representative) ретінде қызмет атқарды. Кейінгі жылдары да өзінің мол халықаралық тәжірибесі мен кәсіби білімін әуежайды дамытуға бағыттап, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап жоба жетекшісі Аржан Букубаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан жаңғырту және екінші ұшу-қону жолағын салу жұмыстарына қосылды. Нысанның ерекшеліктерін терең білетін маман қазіргі таңда туындаған маңызды мәселені былай сипаттайды: «2000-жылдардың басындағы реконструкция кезінде біз жылдық жолаушылар ағыны 2030 жылға қарай ғана 3,2 миллион адамға жетеді деп болжаған едік. Алайда шынайы жағдай бұл есептерден әлдеқайда асып түсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 6,3 миллион адамға жетті. Қолданыстағы терминалдың аумағы мұндай көлемге жеткіліксіз болып қалды, бұл жолаушылар үшін бірқатар қолайсыздықтар туғызуда. Сондықтан Астана әуежайына терминал аумағын шамамен 50 пайызға ұлғайтатын жаңа жоба қажет», – деді Такеюки Шимофудзи. Еуразиядағы мінсіз авиациялық хабтың формуласы Қазіргі логистикалық қиындықтарға қарамастан, сарапшы Астананың болашағына үлкен сеніммен қарайды. Оның пікірінше, Қазақстан астанасы халықаралық авиациялық хабқа айналу үшін бірегей артықшылықтарға ие. Біріншіден, географиялық орналасуы. Астана Еуропалық Одақ пен Азия арасындағы ең тиімді транзиттік нүктелердің бірі болып табылады. Екіншіден, авиаотынмен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Қазақстанның мұнай өндіру саласындағы әлеуеті халықаралық әуе компаниялары үшін маңызды фактор саналатын авиациялық отынның тұрақты әрі бәсекеге қабілетті жеткізілуіне жағдай жасайды. Осы кезеңдегі басты міндет ретінде инженер жолаушыларға қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, транзиттік аймақтарды дамыту, демалыс бөлмелерін ашу және ойын-сауық кеңістіктерін құру трансферлік жолаушыларды тартуға және ұстап қалуға мүмкіндік береді. Кәсіби ұстаным және жеке тағдыр Жапон маманы үшін Астанадағы жұмыс қарапайым шетелдік келісімшарт шеңберінен әлдеқашан асып кеткен. Қазақстан оның екінші отанына айналған. Жұбайы – Қазақстанда тұратын украин ұлтынан, ал отбасы қыз тәрбиелеп отыр. Жапонияға тән еңбек мәдениетін ұстанатын Такеюки Шимофудзи әрдайым әріптестерінен жоғары жауапкершілік пен сапаға ұмтылысты талап етеді. «Егер біз бұл жұмысты атқарып жатқан болсақ, онда оны ең жоғары деңгейде орындауға тиіспіз. Әрбір қызметкер Астана әуежайының Қазақстанның келбеті екенін ұмытпауы керек. Біз әрбір ісімізде сапа мен қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарын көрсетуге міндеттіміз», – деп түйіндеді QC-менеджер.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
