АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

Барлық жаңалықтар

2026-06-12

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

Астана халықаралық әуежайы әуеайлақ инфрақұрылымын дамыту мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бүгінде аэродром халықаралық талаптарға толық сай жұмыс істеп, тұрақты техникалық бақылауда ұсталады.

 

Әуежай қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында жүк және жолаушылар рейстері уақыт бойынша оңтайландырылуда. Бұл тәсіл әуе кемелеріне қызмет көрсету сапасын арттырып, операциялық тұрақтылық пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ұшу-қону жолағының жағдайы тұрақты бақылауда. Мамандар жүйелі түрде тексеру жүргізіп, қажетті жөндеу жұмыстарын уақтылы атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жыл сайын аэродром инфрақұрылымының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеріп отырады.

Жүк рейстерінің санын арттыру кезең-кезеңімен, барлық техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл кең фюзеляжды жүк әуе кемелерін қабылдауға және халықаралық жүк тасымалын дамытуға жол ашады. Халықаралық жүк тасымалдаушыларымен әріптестікті нығайту – елдің транзиттік әлеуетін арттырудағы маңызды қадам. Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүргізілуде. Жүк ағынының өсуі жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инвестиция тартуға және Астананың ірі авиациялық-хаб ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.

2026 жылдың мамыр айында аэродромда жоспарлы жөндеу жұмыстарының кезекті кезеңі сәтті аяқталды. Жұмыс барысында аэродром жабындары қалпына келтіріліп, таңбалар жаңартылды, жарық-сигналдық жүйелер жаңғыртылды. Бұл шаралар инфрақұрылымның сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда перрон мен рулеж жолдарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Барлық жұмыстар кестеге сай жүргізіліп, рейстердің тұрақтылығына әсер етпейді. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеуде.

Алдағы маңызды жобалардың бірі – екінші ұшу-қону жолағын салу. Бұл бастама әуежайдың өткізу қабілетін арттырып, операциялық тұрақтылықты күшейтіп, болашақ өсімге берік негіз қалайды.

 

Анықтама үшін: 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында аэродромда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңде ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабылып, рейстер кестесіне өзгерістер енгізілді. Қабылданған шаралар әуеайлақ инфрақұрылымының сенімділігін арттырып, ұшу қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік берді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ