
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНДА АВИАЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Астана халықаралық әуежайының 95 жылдық мерейтойы аясында авиация саласының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Бекен Қанелұлы Сейдахметов қатысып, сала ардагерлерімен еркін форматта пікір алмасты.
Кездесу барысында ардагерлер азаматтық авиацияның қалыптасу кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісіп, еңбек жолында жинаған тәжірибелерін әңгімеледі. Сондай-ақ бүгінгі таңда аға буын өкілдерін толғандыратын бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді. Әсіресе медициналық қызметтің қолжетімділігі, қоғамдық көлік қатынасы және зейнеткерлерді қолдау шаралары жөнінде өзекті пікірлер айтылды.
Жиынға қатысушылар ардагерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, еңбек ардагерлеріне көрсетілетін қамқорлық қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс екенін жеткізді.
Кездесуде авиация саласының ардагері, тыл еңбеккері Нығман Үсенұлы Сыздықовқа ерекше құрмет көрсетілді. Биыл 92 жасқа толған қарияның ғұмыры отандық авиацияның тарихымен тығыз байланысты. Оның өмір жолы мен еңбегі бірнеше буын авиация мамандарына үлгі болып келеді. Бір қызығы, Нығман Үсенұлының жасы биыл 95 жылдығын атап өтіп отырған Астана халықаралық әуежайының тарихымен қатар өріліп жатыр деуге болады.
Астана халықаралық әуежайы сала ардагерлерімен байланысты үзбей, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға әрдайым ерекше мән береді. Себебі олардың кәсіби тәжірибесі, қажырлы еңбегі мен азаматтық авиацияның дамуына қосқан үлесі – кейінгі буын үшін баға жетпес мұра.
Осындай тағылымды кездесулер әуежайдың қалыптасқан жақсы дәстүріне айналған. Бұл – авиация саласының өркендеуіне еңбек сіңірген жандарға құрмет көрсетудің және олардың еңбегін ұлықтаудың жарқын көрінісі.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
