
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНАН ЖАҢА МАУСЫМДЫҚ БАҒЫТ АШЫЛАДЫ
Астана халықаралық әуежайы бағыттар желісін кеңейтуді жалғастыруда. 2026 жылғы 3 шілдеден бастап елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңа маусымдық Астана – Ыстықкөл (Тамшы) – Астана бағыты қолжетімді болады. Рейстерді отандық FlyArystan әуе компаниясы орындайды.
Жаңа бағыт бойынша әуе рейстері 2026 жылғы 3 шілде мен 31 тамыз аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады. Ұшу кестесіне сәйкес, Астанадан ұшақ сағат 07:30-да ұшып, Тамшы халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша 10:45-те қонады. Қайтар рейс Тамшыдан сағат 12:00-де ұшып, Астанаға 13:20-да жетеді. Таңғы уақытқа жоспарланған қолайлы кесте жолаушыларға Ыстықкөл жағалауына күннің алғашқы жартысында жетіп, демалыс уақытын барынша тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Әуе билеттері FlyArystan әуе компаниясының ресми сайтында, мобильді қосымшасында және басқа да ресми сату арналары арқылы сатылымға шығарылды.
Жаңа бағыттың ашылуы – Астана халықаралық әуежайының халықаралық маршруттық желіні дамыту және елорда тұрғындары мен қонақтары үшін саяхат мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі жүйелі жұмысының жалғасы. Бүгінде әуежайдан әлемнің ондаған халықаралық бағытына тұрақты рейстер орындалады. Ал жаңа бағыттардың іске қосылуы Қазақстанның шетел мемлекеттерімен туристік, іскерлік және мәдени байланыстарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Астана халықаралық әуежайы әуе компанияларымен бірлесіп маршруттық желіні кеңейту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра отырып, жолаушыларға жайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді әуе қатынасын ұсынуға басымдық береді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
