
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ЖАҢА ПЕРРОНДЫҚ АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Астана халықаралық әуежайы жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту және арнайы техникалар паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта әуежайға заманауи екі перрондық автобус жеткізілді.
Жаңа автобустар жолаушыларды терминал мен әуе кемелері арасында қауіпсіз әрі жайлы тасымалдауға арналған. Кең салоны, заманауи желдету және ауа баптау жүйелері, сондай-ақ жоғары жолаушы сыйымдылығы ішкі және халықаралық рейстерге қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Арнайы техникалар паркін жаңарту – Астана халықаралық әуежайын кешенді дамыту бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыстар өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жолаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Айта кетейік, жолаушылар ағынының тұрақты өсуі мен елорда әуе айлағын дамыту стратегиясына сәйкес жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Құрметпен,
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
