
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

Астана халықаралық әуежайында басшылықтың көшпелі жұмыс кеңесі өтті
20 шілде күні Астана халықаралық әуежайының басшылығы көшпелі жұмыс кеңесін өткізіп, әуеайлақтың негізгі учаскелерін аралап шықты. Жұмыс барысында жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы бағаланып, әуежай инфрақұрылымын одан әрі күтіп ұстау мәселелері қаралды.
Көшпелі кеңес аясында әуежай басшылығы бейінді қызметтердің мамандарымен бірлесіп әуеайлақтың негізгі нысандарын, атап айтқанда, рульдеу жолдарын, әуе кемелерінің тұрақ орындарын, магистральдық рульдеу жолын және перрон аумақтарын тексерді. Әсіресе пайдалану жүктемесі жоғары учаскелерге ерекше назар аударылды. Бұған дейін мұндай аймақтарда әуе кемелерінің қарқынды қозғалысы салдарынан асфальтбетон жабынының шөгуі, жолтабанның пайда болуы және өзге де ақаулар тіркелген болатын. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Жұмыс сапары барысында ұшу қауіпсіздігін авариялық-құтқару қызметі мен әуеайлақ қызметінің жұмыскерлерімен кездесу өтті. Кездесуде өндірістік нысандарды күтіп ұстау, күнделікті жұмысты ұйымдастыру, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс үдерістерінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен ішкі жұмыс үдерістерін жетілдіруге қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Айта кетейік, мұндай көшпелі жұмыс кеңестері әуежайдың негізгі инфрақұрылымдық нысандарының жай-күйін тұрақты бақылауға, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын сол жерде бағалауға және әуе айлағының қауіпсіз, сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
