
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫ ТАРИХЫНДАҒЫ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ — БІР АЙДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖОЛАУШЫ
Астана халықаралық әуежайы жаңа тарихи рекорд орнатты. 2026 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны алғаш рет бір айда 1 миллион адамнан асты. Бұл — елорда әуежайының бүкіл тарихындағы бір айда тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Мұндай тарихи көрсеткішке әуежайдың маршруттық желісін жүйелі түрде дамыту, жаңа халықаралық бағыттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру нәтижесінде қол жеткізілді. 2026 жылы Астана халықаралық әуежайының маршруттық желісі жаңа халықаралық бағыттармен толықты. Ларнака (Кипр), Ұлан-Батыр (Моңғолия), Гуанчжоу (Қытай), Ереван (Армения) және Даламан (Түркия) қалаларына рейстердің ашылуы нәтижесінде халықаралық бағыттар саны 42-ден 47-ге дейін артты. Сонымен қатар жолаушыларға Қазақстан бойынша 18 ішкі бағыт қолжетімді.
Астана халықаралық әуежайы халықаралық маршруттық желіні одан әрі дамыту және елорданың өңірдегі негізгі авиациялық хабтардың бірі ретіндегі орнын нығайту бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Жаңа әуе компанияларын тартуға, ұшу географиясын кеңейтуге және сұраныс жоғары бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Жолаушылар ағынының өсуімен қатар әуежай инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Әуежайды дамытудағы негізгі мақсат — инфрақұрылымдық және сервистік мүмкіндіктерді тасымал көлемінің өсу қарқынына сай жетілдіру және елорданың әуе қатынасын одан әрі дамытуға қажетті жағдай жасау.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
