
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНДА ТЕГІН АУЫЗ СУ СТАНЦИЯЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды және терминалдар инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруда. Әуежайда жолаушылар мен келушілер тегін пайдалана алатын заманауи стационарлық ауыз су станцияларын орнату басталды.
Станциялар сумен жабдықтау жүйесіне қосылып, көпсатылы сүзгілеу жүйесімен жабдықталған. Жолаушылар әуежай терминалының ішінде өз бөтелкесіне немесе басқа да қолайлы ыдысқа ауыз суды тегін құйып ала алады.
Жаңа сервис әсіресе әуежайда ұшуды, қонуды немесе келесі рейске ауысуды ұзақ уақыт күтетін жолаушылар үшін ыңғайлы. Енді олар өздерімен бірге бос көп рет қолданылатын бөтелке алып келіп, оны терминал ішінде ауыз сумен толтыра алады.
Ауыз су станцияларын орнату жолаушылардың жайлылығын арттыруға, қолжетімді ауыз су инфрақұрылымын дамытуға және әуежайда болу үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Айта кетейік, Астана халықаралық әуежайы жолаушылардың сапардың барлық кезеңінде әуежайда жайлы әрі қолайлы жағдайда болуына мүмкіндік беретін шешімдерді енгізуді жалғастыруда.
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
