АВТОТҰРАҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Барлық жаңалықтар

2026-09-23

АВТОТҰРАҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрметті жолаушылар мен Астана халықаралық әуежайының қонақтары!

Әуежайда әрбір жолаушы мен келушіге қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып, алдағы өзгерістер туралы алдын ала хабарлаймыз.

2026 жылғы 1 қазаннан бастап әуежайдың вокзал маңы аумағындағы автотұрақтарда белгіленген тарифтер бойынша бірыңғай төлем тәртібі енгізіледі.

Әуежай аумағындағы автотұрақтар ақылы коммуналдық автотұрақтарға жатпайтынын назарға саламыз. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңының 42-1-бабында ақылы коммуналдық автотұрақтар үшін көзделген жеңілдіктер әуежай аумағындағы автотұрақтарға қолданылмайды. Сондай-ақ көрсетілген күннен бастап әуежайда бұған дейін қолданыста болған ішкі жеңілдіктердің күші жойылады.

Жолаушылар мен келушілер үшін 100 көлікке арналған тегін P8 автотұрағы қолжетімді. Оны барлық жолаушылар мен әуежай қонақтары шектеусіз пайдалана алады.

Әуежайға сапарыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз. Автотұрақтардың орналасу сызбасы мен қолданыстағы тарифтер туралы толық ақпаратты әуежайдың ресми сайтынан білуге болады.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ