
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250

ЕРЕКШЕ ӘУЕ ЖҮГІ: АСТАНА ӘУЕЖАЙЫ АВСТРАЛИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН МЫҢНАН АСТАМ ҚОЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
2026 жылғы 30 қазанда Астана халықаралық әуежайы Австралиядан жеткізілген ерекше жүкті қабылдады. Қазақстан астанасына әуе көлігімен Дорпер тұқымды 1 100 қойдың алғашқы партиясы жеткізілді.
Жануарлар Астана халықаралық әуежайына Qatar Airways Cargo әуе компаниясының Boeing 777F кең фюзеляжды жүк ұшағымен жеткізілді. Аталған әуе кемесі алыс қашықтықтарға ұшуға арналған және тірі жануарларды қоса алғанда, ірі көлемдегі жүктерді олардың қауіпсіздігі мен күтіп-ұстау жағдайларына қойылатын қажетті талаптарды сақтай отырып тасымалдауға мүмкіндік береді.
Ауқымды жеткізілім «Береке» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында «Ерейментау Астық-2014» ЖШС үшін жүзеге асырылып, Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Алғашқы партияның келуі кәсіпорынның жалпы саны 4 мың бас ұсақ мал сатып алуын көздейтін жобаның жүзеге асырыла бастағанын білдіреді. Осылайша, бүгін жеткізілген мал саны жоспарланған жалпы көлемнің төрттен бірінен астамын құрайды.
Айта кетейік, мұндай әрбір әуе рейсінің артында тірі жүкті жеткізу ғана емес, халықаралық авиация мен ауыл шаруашылығын байланыстыратын тұтас логистикалық үдеріс тұр. Жануарларды әуе көлігімен тасымалдау логистиканы ұйымдастыруға ерекше көзқарасты, ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын, сондай-ақ барлық жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді жұмысын талап етеді.
Астана халықаралық әуежайы үшін мұндай рейстерге қызмет көрсету жүк тасымалы бағытын дамытудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Елорда әуежайы халықаралық жеткізілімдерді, соның ішінде арнайы өңдеу мен жерүсті қызмет көрсету жағдайларын қажет ететін жүктерді қабылдау және өңдеу үшін қажетті инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет:
