АСТАНА ӘУЕЖАЙЫ ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ РЕЙСТІ КҮТУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН КЕҢЕЙТУДЕ

Барлық жаңалықтар

2026-11-04

АСТАНА ӘУЕЖАЙЫ ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ РЕЙСТІ КҮТУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН КЕҢЕЙТУДЕ

Астана халықаралық әуежайында сауда алаңдарын кеңейту және жаңа қызмет көрсету нысандарын ашу жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың соңына дейін елорда әуежайы терминалдарында бірнеше дүкен, кофехана және саяхатшыларға арналған мобильді байланыс қызметін қосу орны ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Duty Free бажсыз сауда аймағының аумағы 400 шаршы метрге ұлғайтылады.

 

Іске асырылған жобалардың бірі - ішкі рейстерге қызмет көрсететін Т2 терминалының стерильді аймағында MARWIN дүкенінің ашылуы. Енді жолаушылар ұшар алдында кітаптар, кеңсе тауарлары, дамытушы ойындар мен сыйлықтар сатып ала алады.

Жақын арада Т2 терминалында Espresso Coffee кофеханалар желісінің жаңа нүктесін ашу жоспарланып отыр. Жылдам қызмет көрсету форматында жұмыс істейтін кофехана жолаушыларға ұшар алдында кофе, түрлі сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынатын болады.

Duty Free бажсыз сауда аймағында да елеулі өзгерістер күтілуде. Оның аумағы қосымша 400 шаршы метрге кеңейтіледі. Мұнда ұшаққа отырғызу басталар алдында сауда жасауға ниетті жолаушыларға арналған Last Minute дүкенін ашу жоспарланған. Бұл формат жолаушыларға ұшуға аз уақыт қалғанда сыйлықтар, кәдесыйлар мен жолға қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді.

Жаңа сауда нысандары қатарында Kids Store және COLLECTION дүкендерін ашу да көзделген. Аталған сауда орындарын 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар әуежайдың стерильді аймағында Travel Mobile дүкені ашылады деп күтілуде. Мұнда жолаушылар eSIM, яғни физикалық SIM-картаны сатып алып, телефонға орнатуды қажет етпейтін цифрлық SIM-картаны қоса алады. Бұл технология шетелде мобильді интернетті пайдалануға мүмкіндік береді. Аталған қызмет әсіресе басқа елге келген сәттен бастап байланыста болуды қалайтын халықаралық бағыттағы жолаушылар үшін қолайлы.

 

«Біз рейстерді күту аймақтарында ұсынылатын тауарлар мен қызмет түрлерін кеңейтуге ұмтыламыз. Жолаушылар терминалдан шықпай-ақ өздеріне қажетті заттарды сатып алып, кофе ішіп, жақындарына сыйлық таңдап немесе мобильді байланыс қызметін қоса алуы тиіс. Жаңа нысандардың ашылуы мен сауда алаңдарының кеңеюі - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмысымыздың бір бөлігі», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Коммерция департаментінің директоры Азиз Адилов.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ