Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Көкшетау халықаралық әуежайы
Корпоративтік басқару
Әуежай туралы
Жарнамаға арналған орын
250x250
Тәшенев Бақытбек Хакімұлы - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы
Ластаев Талғат Тілеубекұлы - ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы
Хамзин Дәулет Ғазизұлы - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы
Сәтжанов Кенжебай Сәтжанұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ тәуелсіз директоры.
Бекмурзин Александр Байжігітұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ тәуелсіз директоры.
Шоқпытов Андарь Мәулешұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ тәуелсіз директоры.
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Директорлар кеңесінің жанында 2 комитет жұмыс істейді: аудит жөніндегі Комитет және стратегиялық жоспарлау, инвестициялар, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет.
Аудит жөніндегі комитет
Шукпутов Андар Мәулешұлы - Тәуелсіз директор, комитет Төрағасы
Сатжанов Кенжебай Сатжанұлы - Тәуелсіз директор, комитет мүшесі
Бекмурзин Александр Байджигитович - Тәуелсіз директор, комитет мүшесі
Стратегиялық жоспарлау, инвестициялар, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет
Сатжанов Кенжебай Сатжанұлы - Тәуелсіз директор, комитет төрағасы
Шукпутов Андар Мәулешұлы - Тәуелсіз директор, комитет мүшесі
Бекмурзин Александр Байджигитович - Тәуелсіз директор, комитет мүшесі
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 11 мамырдағы шешімімен бекітілген (№57/20 хаттама).
Аудит комитеті 3 адамнан тұрады.
Басқарма
Басқарма Төрағасы
Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары
Басқарма төрағасының орынбасары - авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы
Басқарма төрағасының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары
Басқарма Төрағасының аса маңызды рейстер жөніндегі орынбасары
Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары
Іскерлік этика қағидаттарын сақтау және қоғамда туындайтын әлеуметтік-еңбек дауларын оңтайлы реттеу мақсатында Омбудсмен тағайындалады. Омбудсмен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады және екі жылда бір сайлануға жатады.
Омбудсменнің рөлі оған жүгінген қызметкерлерге, еңбек дауларына, жанжалдарға қатысушыларға кеңес беру және оларға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормасын сақтауды ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдемдесу, қызметкерлердің де, қоғамның да проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге жәрдемдесу болып табылады.
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерінің құқыққа қарсы іс-қимыл фактілері бойынша өтініштер үшін байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 119
Электрондық пошта: ombudsmen@nn-airport.kz
Тел. +7 (7172) 777-993
Корпоративтік хатшы
Директорлар кеңесінің қызметін тиімді ұйымдастыру және Басқарманың Директорлар кеңесімен өзара іс-қимылы мақсатында корпоративтік хатшы тағайындалады.
Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады.
Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді және қоғамның басқармасынан тәуелсіз. Корпоративтік хатшының негізгі міндеттеріне Директорлар кеңесі тарапынан корпоративтік шешімдерді уақтылы және сапалы қабылдауға жәрдемдесу, Директорлар кеңесінің мүшелері үшін олардың қызметінің барлық мәселелері және Қоғамның корпоративтік басқару кодексінің ережелерін қолдану бойынша кеңесші рөлін атқару, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік басқару Кодексінің іске асырылуына мониторинг жүргізу кіреді.
Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 15 тамыздағы шешімімен Қоғамның Корпоративтік хатшысы болып Кизиева Шынар Нұратайқызы тағайындалды.
Ішкі аудит қызметі
Ішкі аудит қызметі қоғамға ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, Директорлар кеңесіне ұйымдық бағынысты және функционалдық есеп беретін қоғамның органы болып табылады. Қызметтің қызметіне жетекшілік етуді Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті аудит жөніндегі комитеттің қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
Ішкі аудит қызметі қызметінің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне қоғамдағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.
Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі шешімімен Ішкі аудит қызметінің басшысы болып Исабеков Нұрлан Даниятұлы тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингтеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдау мақсатында Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылды.
Корпоративтік басқару құжаттары
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.